Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 300-ге жуық судья жетіспейді

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында елімізде 300-ге жуық судья жетіспейтінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз барлық салада бәріне бірдей мүмкіндік беретін нағыз әділ қоғам құруымыз керек. Оның бір жолы – тәуелсіз сот жүйесі.

Бабаларымыз "Тура биде туған жоқ деген" деген сөзді тегін айтқан жоқ. Біз қара қылды қақ жарған билер жолын жалғастыруға тиіспіз. Қазіргі таңда елімізде үш жүзге жуық судья жетіспейді. Сол орындарға әділ, адал және білікті жастарды тартуымыз қажет. Мен мықты кәсіби заңгерлерді Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974446-toqaev-qazirgi-tanda-elimizde-us-zuzge-zuyq-sudya-zetispeidi/

pixel