Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысының телеарналардан қашан көрсетілетіні белгілі болды
Опубликовано:

Республикалық телеарналарда Ұлттық құрылтайдан арнайы шығарылымның қашан көрсетілетіні белгілі болды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-каналында хабарлады.
"Бүгін сағат 21:30-да республикалық телеарналарда Ұлттық құрылтайдың I отырысынан арнайы шығарылым көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келгенін хабарлаған едік.
Кейінірек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты.
Содан соң мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы болды.
Онда президент "мемлекет атауы өзгертіле ме?" деген сауалға жауап берді.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдау қажет екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974452-ulttyq-quryltaidyn-birinsi-otyrysynyn-telearnalardan-qasan-korsetiletini-belgili-boldy/