Тоқаев: Қытай – Қазақстанның экономика және сыртқы сауда саласындағы басты серіктесі
Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысты. Отырыс барысында мемлекет басшысы Қытай экономика және сыртқа сауда салсында Қазақстанның басты серіктесі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
"Қытай – Қазақстанның экономика және сыртқы сауда саласындағы басты серіктесі. Бұл ел соңғы 15 жылдың ішінде экономикамызға 22 миллиард доллардан астам инвестиция салды.
Сондықтан Қытаймен арадағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдете түсу – еліміз үшін аса маңызды міндет", – деді президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес құрылымдары арасындағы тікелей байланыстарды нығайту және жаңа көлік-логистикалық дәліздерді ашу қажет екенін еске салды.
"Күш біріктіре отырып, серпінді инновациялық-технологиялық жобалар топтамасын жасау, үздіксіз көлік-логистика жүйесін құру, түптеп келгенде, елдеріміздің экономикасының өсімі үшін жаңа мүмкіндік туғызу перспективті болады деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974643-toqaev-qytai-qazaqstannyn-ekonomika-zane-syrtqy-sauda-salasyndagy-basty-seriktesi/