Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан Ресейдің Украинаға қарсы арнайы операциясына қалай қарайтынын айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа әлем – жаңа мүмкіндіктер" атты Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысына қатысты. Сұрақтар мен жауаптар сессиясында оған Ресейдің Украинадағы қарсы арнайы операциясына көзқарасы туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл туралы түрлі пікір бар, өйткені біздің қоғам ашық. Қазіргі халықаралық құқық - БҰҰ жарғысы. Бірақ БҰҰ-ның екі қағидасы қарама-қайшы болып отыр. Бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы. Көп ұзамай бұл қағидалар бір-біріне қайшы келеді, оған түрлі түсіндірмелер бар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Егер ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы іске асырылса, онда жер бетінде 500-ден астам мемлекет пайда болып, аласапыран туындайды. Сол себепті Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз.

Бұл қағидат квазимемлекеттік бірлестіктерге , яғни, Луганск пен Донецкке қатысты да қолданылады", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974646-toqaev-qazaqstan-reseidin-ukrainaga-qarsy-arnaiy-operaciyasyna-qalai-qaraitynyn-aitty/

pixel