Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Опубликовано:

Үкімет үйі
Фото: primeminister.kz

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет мәліметінше, сыртқы күйзелістерге тұрақтылықты көрсеткен қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар болып табылады.

Сарапшылардың пікірінше, қаңтар оқиғасынан, Ресей-Украина қақтығысынан және Ресейге қарсы санкциялардан кейін туындаған сын-қатерлер негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағаларымен және Теңіз кен орнында 2023 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің ұлғаюымен жеңілдетілді.

"Fitch 2023 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығың төмендеуін және Ұлттық қордан бюджетке трансферттер мөлшері 2021 жылғы деңгейден 58 пайызға дейін қысқарады деп болжайды, бұл Үкіметтің ЖІӨ-нің 30 пайызы шегінде ҚР ҰҚ мөлшерін қолдау жөніндегі стратегиясына сәйкес келеді.

Елдің мемлекеттік қарызы салыстырып отырған елдердің жартысының қарыз деңгейінен төмен екендігі хабарланды. Fitch болжамы бойынша Қазақстанның елеулі сыртқы резервтері сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға көмектеседі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар агенттік өз есебінде Қазақстанның банк секторының тұрақты жұмысын да атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974655-fitch-qazaqstannyn-tauelsiz-kredittik-reitingin-rastady/

pixel