Осы аптада президенттің қатысуымен қандай іс-шаралар өтеді
Опубликовано:

Ақорда ресми Telegram каналында осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін жариялады.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусымда мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі.
23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.
24 маусымда президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі "БРИКС+" диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974806-osy-aptada-prezienttin-qatysumen-qandai-is-saralar-otedi/