Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Катарға жұмыс сапарымен келді

Опубликовано:

Тоқаев Қатарға келді
Фото: Борт №1/ Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Борт №1 Telegram парақшасы.

"Ертең (президенттің жұмыс кестесі бойынша 21 маусым-ред) Қазақстан президенті Катар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін президенттің осы аптадағы жұмыс кестесі өзгергенін жазған едік.

Онда 21 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Катар экономикалық форумына қатысатыны айтылған.

Ал 23 маусымда мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974935-toqaev-qatarga-zumys-saparymen-keldi/

pixel