Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК төрағасының орынбасары: Самат Әбіш те "тергеу орбитасында"

Опубликовано:

Самат Әбіш
Самат Әбіш. Фото: ҰҚК-нің ресми сайтынан алынды

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сауалға жауап берді. Оның айтуынша, экс-шенеунік қазіргі таңда "тергеу орбитасында", деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған қатысты сұрақты оған журналистер қойған болатын.

"Самат Әбіш те "тергеу орбитасында". Ол да куәлік етуде. Мен оның (құқықтық - ред.) мәртебесін білмеймін. Мен оны өзім көрген жоқпын", - деді Асқар Әмерханов.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Самат Әбіштің қазір Қазақстанда бар-жоғын сұрады.

"Менің ойымша, Қазақстанда, өйткені тергеу жүріп жатыр", - деп жауап берді Амерханов.

Еске сала кетсек, қаңтар айының ортасында мемлекет басшысының жарлығымен Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975200-uqk-toragasynyn-orynbasary-samat-abis-te-tergeu-orbitasynda/

pixel