Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл қаласының әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Болат Жұмабеков
Болат Жұмабеков. Фото: Facebook/Болат Жумабеков

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы әкім бүгін, 22 маусымда өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдік командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті", - деді ол өз мәлімдемесінде.

Сонымен бірге Болат Жұмабеков әріптестеріне, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ТКШ төрағаларына, депутаттарға, қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсендіге бірге атқарған жұмысы үшін жеке алғысын жеткізді.

Әкім жазбасында қызметінен кету себебін айтпаған.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Болат Жұмабековтың қамауға алынғаны және орнын босататыны туралы қауесет тараған болатын. Ол кезде әкім еңбек демалысында жүргенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975203-koptegen-synaqtan-ottik-petropavl-qalasynyn-akimi-oz-erkimen-otstavkaga-ketti/

pixel