Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев/Мәулен Әшімбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев/Мәулен Әшімбаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордада 14-15 қыркүйек аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысы жөнінде ақпарат берді.

Діни форумға қатысушылар пандемиядан кейін адамзатты әлеуметтік-рухани бағытта дамытудағы әлемдік және дәстүрлі конфессия көшбасшыларының рөлін талқылайды.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, съезге жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Съезд хатшылығы форумды ұйымдастыру және мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.

Одан бөлек Мәулен Әшімбаев президентке парламенттің VII шақырылымының 2-сессиясында сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Айтуынша, қазіргі уақытта парламент 68 заңды қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жолдаған. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болған.

Сонымен қатар кездесу барысында сенат төрағасы мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру үдерісі жөнінде де ақпарат берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975264-toqaev-parlament-senatynyn-toragasy-maulen-asimbaevty-qabyldady/

pixel