Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешу": Тоқаев Абай облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы мен Нұрлан Ұранхаев
Қасым-Жомарт Тоқаев/Нұрлан Ұранхаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдап, өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Нұрлан Ұранхаев облыста жылумен жабдықтау, жылу электр орталығын салу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, мектептер мен ауруханалар және тағы басқа да әлеуметтік нысандар салу сияқты өзекті мәселелер бар екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол аймақтың ішкі инфрақұрылымын қалпына келтіру басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Нұрлан Ұранхаевқа Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешу туралы тапсырма берді.

Айта кетейік, бұған дейін президент Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдап, бірқатар міндет жүктеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975269-toqaev-abai-oblysynyn-akimine-birqatar-tapsyrma-berdi/

pixel