30 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Опубликовано:

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды parlam.kz.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген Ерлан Қошанов қол қойған құжатта.
Еске сала кетсек, бұған дейін парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 маусымда өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975318-30-mausymda-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysy-otedi/