Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады.

Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін", - деп жазды президент.

Еске сала кетсек, 22 маусымда мемлекет басшысы Абай облысы, Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдерін қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975345-toqaev-memlekettik-qyzmetsilerdi-kasibi-merekesimen-quttyqtady/

pixel