Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Қожаниязов лауазымды қызметінен босатылды

Опубликовано:

Серік Салаватұлы Қожаниязов
Серік Қожаниязов. Фото: primeminister.kz

Үкіметтің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Кузбасс политехникалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.

Әр жылдары жеке меншік секторда жұмыс істеген.

2001-2005 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болды.

2005-2007 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры болып қызмет етті.

2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі лауазымын атқарды.

2008-2014 жылдары премьер-министрінің кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі болды.

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан қазіргі таңға дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975347-serik-qozaniyazov-lauazymdy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel