Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғжанов Торғай облысы құрыла ма деген сауалға жауап берді

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдерінің Торғай облысы қайта құрыла ма деген сауалына жауап берді.

"Мен қазіргі уақытта бұндай қажеттілікті көріп тұрған жоқпын. Арқалық өңірінде халық саны өте аз. Сондықтан, мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ деп ойлаймын. Облыстарды бөлуге қатысты барлық шешім қабылданды", - деді Ералы Тоғжанов.

Кеше, 22 маусымда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Торғай облысын қайта құруға қатысты өз ойын айтқан еді.

Айта кетейік, Торғай облысы алғаш рет 1970 жылы құрылып, орталығы Арқалық қаласында болған еді. 1988 жылы 2 маусымда облыс таратылды. Ал 1990 жылы 17 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының қаулысымен облыс қайта құрылды.

Бірақ жеті жылдан кейін 1997 жылы 22 сәуірде Қазақстанның тұңғыш президентінің жарлығымен облыс қайта таратылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975382-sesim-qabyldandy-togzanov-torgai-oblysy-quryla-ma-degen-saualga-zauap-berdi/

pixel