Тоқаев ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Telegram арнасында.
"Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін", – деп жазылған президенттің құттықтау хатында.
Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетсек, 10-19 маусым аралығында Панама астанасында оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өткен болатын.
Қазақстан намысын қорғаған Малика Зиядин чемпион және 7 жасқа дейінгі балалар арасында әлем чемпионы атанды. Бұл қазақстандық шахмат тарихындағы алғашқы жағдай болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975591-prezident-fide-nin-en-zas-cempiony-atangan-malika-ziyadindi-quttyqtady/