Осы аптада президенттің қатысуымен қандай іс-шаралар өтеді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада бірнеше іс-шараға қатысады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Telegram арнасында.
Ақорданың мәліметінше, бүгін, 27 маусымда мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді.
29 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады.
Сондай-ақ 30 маусымда президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді деп жоспарлануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975771-osy-aptada-prezidenttin-qatysuymen-qandai-is-saralar-otedi/