Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмаз Ыдырысов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Алмаз Ыдырысов
Фото: gov.kz

Алмаз Ыдырысов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды үкімет ресми сайтында.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары "Қазақавтожол" ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болды.

2006-2014 жылдары Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.

2014-2016 жылдары "Қазавтожол" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.  

2016-2019 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2019-2022 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – Ббас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975804-almaz-ydyrysov-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel