Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Еліміздің қарапайым азаматтарының ұлттық компания акцияларын иеленуге мүмкіндігі болуға тиіс

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында ұлттық компаниялардың акциялары Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиында президент ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын келесі маңызды міндет ретінде атады.

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.

"Еліміздің қарапайым азаматтары ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін, 27 маусымда Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Жиында қаржы орталығының (АХҚО) 2021 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды және оны әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975854-toqaev-elimizdin-qarapaiym-azamattarynyn-ulttyq-kompaniya-akciyalaryn-ielenuge-mumkindigi-boluga-tiis/

pixel