Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Есіркепов Ернар
Есіркепов Ернар. Фото: gov.kz

Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі болып Есіркепов Ернар Серікәліұлы тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Облыс басшысы Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Нұржан Нұржігітов жаңа әкімге ауданның жоғары әлеуетін тимді пайдаланып, экономикасын арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Одан бөлек халықтың тұрмысын жақсарту, кері байланысты нығайту, мәселелерді шешу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.

Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: gov.kz

Айта кетейік, Ернар Серікәліұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және бақылау жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған.

Әр жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, құжаттама және бақылау бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары-мемлекеттік еңбек инспекторы болған.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы-бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975858-zambyl-oblysyndagy-turar-rysqulov-audanyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel