Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды. Лауазымды қызметке Аман Барикенов пен Ұлантай Үсенов келді. Бұл туралы Жезқазған әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

Аман Сайлаубекұлы Барикенов 36 жаста, Жезқазған қаласында туған.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қаржы академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепті, аудиторлық бақылауды және қаржылық бақылауды дамыту департаментінде басқарма эксперті болып бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін премьер-министр кеңсесі экономика бөлімінің меңгерушісі болды.

Аман Барикенов пен Ұлантай Үсенов
Аман Барикенов пен Ұлантай Үсенов. Фото: instagram.com/akimatzhez

Ұлантай Төлеутайұлы Үсенов 47 жаста, Жаңаарқа ауданында туған. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихаты аппаратында маман болып бастап, әр жылдары Жаңаарқа, Абай аудандарында, Сәтбаев қаласында жауапты мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976042-ulytau-oblysynyn-eki-akimi-tagaiyndaldy/

pixel