Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Қайрат Шайжанов
Қайрат Шайжанов. Фото: instagram.com/akimatzhez

Ұлытау облысы әкімінің өкімімен, Президент әкімшілігінің және Жезқазған қалалық мәслиихатының келісім беруімен Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы әкімдік Instagram парақшасында хабарлады.

Қайрат Абдоллаұлы Шайжанов 44 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған.

Екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген.

2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін АШМ "ҰҒАБО" КЕАҚ активтерді басқару департаменті директоры болып қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976048-zezqazgan-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel