Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында.

Ақорданың мәліметінше, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түркіменстанның бұрынғы президенті, Халық мәслихаты ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.

Еске сала кетсек, 27 маусымда мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізген болатын.

Ал ертең, 30 маусымда президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976191-qasym-zomart-toqaev-zumys-saparymen-asxabadqa-bardy/

pixel