Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімінің қызметінен кететіні рас па: Мұрат Әйтенов ел арасында тараған қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов
Мұрат Әйтенов. Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзіне қатысты тараған қауесетке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында БАҚ өкілдерінің бірі ел арасында Шымкент әкімі жақын арада қызметінен кетеді деген қауесет барын жеткізді.

Ол Мұрат Айтеновтен бұның қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

"Мен мұндай қауесетті естімедім. Бірақ, сіздер шешімді мемлекет басшысы қабылдайтынын білесіздер. Егер мемлекет басшысы шешім қабылдаса, біз оны орындауға міндеттіміз", - дейді қала басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Мұрат Әйтеновтің қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.

Алайда қалалық әкімдік бұл ақпараттың жалған екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976610-symkent-akiminin-qyzmetinen-ketetini-ras-pa-murat-aitenov-qauesetterge-zauap-berdi/