Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев/Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев/Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Екі ел басшысылары телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаған.

Қазақстан президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өткен.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өткен.  

Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қырғызстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылаған.

Айта кетейік, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте бірнеше күн бұрын Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі отырған түзетулерге қарсы болғандар наразылыққа шыққан еді.

1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған құжатта Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстан құрамынан шығуға құқығы бар егемен ел деп көрсетілген. Алайда Конституцияға енгізілгелі отырған жаңа түзетулерге сәйкес, бұл норманы алып тастау көзделген болатын.

Халықтың наразылығынан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан егенмендігіне қатысты Конституцияға енгізгелі отырған түзетулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды.

Одан бөлек Өзбекстан президенті Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимін енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1976847-toqaev-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirzieevpen-soilesti/

pixel