Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндалды.

Тоқаев пен Әбдіров
Фото: Ақорда

Еске сала кетсек, бұған дейін президент "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдаған болатын.

Кездесу барысында мемлекет басшысына "ҚазМұнайГаз" компаниясының мұнай-газ химиясы саласында жүзеге асырып жатқан жобалары жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі уақытта Атырау облысындағы полипропилен шығаратын зауытты іске қосу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл өндіріс орны биылғы тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Президентке полиэтилен және бутадиен өндірісіне қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977011-toqaev-ortalyq-sailau-komissiyasynyn-toragasyn-qabyldady/

pixel