Бейбіт Есенбаев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Опубликовано:

Үкімет қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастаған.
2009-2011 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы қызметін атқарған.
2011-2013 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы лауазымында болды.
2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.
Ал 2017-2020 жылдар аралығында Бейбіт Есенбаев Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры қызметінде болған.
2020 жылғы қыркүйектен бастап Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры лауазымын атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977299-beibit-esenbaev-densaulyq-saqtau-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/