Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы президент Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Спортшымызды шын жүректен құттықтаймын!" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған едік.

Финалда отандасымыз Тунистен келген әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберден басым түсті. Кездесу жоспарланған үш сетке созылды. Нәтижесінде 3:6, 6:2, 6:2 есебімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977723-toqaev-rybakinany-tarixi-zenisimen-quttyqtady/

pixel