Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов Синдзо Абэнің отбасына және Жапония халқына көңіл айтты

Опубликовано:

Әлихан Смайылов Синдзо Абэнің отбасына және Жапония халқына көңіл айтты
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Жапония елшілігіне барып, көрнекті саяси қайраткер, бұрынғы Премьер-Министр Синдзо Абэнің қаза болуына байланысты осы елдің халқына көңіл айтты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Дипломатиялық миссия басшысы Джуну Ямадемен әңгімелесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстанның Абэ мырзаны өз елінің патриоты және Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқан саясаткер ретінде білетінін атап өтті. 

Әлихан Смайылов Синдзо Абэнің отбасына және Жапония халқына көңіл айтты
Фото: primeminister.kz

"Синдзо Абэ Жапонияның дамуы үшін ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін де көп еңбек етті. Осы қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және жеке өзімнің атымнан Абэ мырзаның отбасына және бүкіл жапон халқына көңіл айтамын", — деді үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов Синдзо Абэнің отбасына және Жапония халқына көңіл айтты
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр елшілікке барған кезде көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978124-alixan-smaiylov-sindzo-abenin-otbasyna-zane-zaponiya-xalqyna-konil-aitty/