Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр": Смайылов Каспий құбыр консорциумына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Qazaqstan телеарнасына сұхбат беріп, Каспий құбыр консорциумына қатысты пікір білдірді. Үкімет басшысы бүгінде мұнай экспортына ешқандай шектеу қойылмағанын айтты.

Әлихан Смайылов Ресейдегі геосаяси оқиға салдарынан сауда-саттыққа байланысты логистикалық мәселелер туындағанын растады. Алайда олар уақытылы өз шешімін тапқан.

"Соңғы бір мысал – КҚК мұнай құбыры бойынша Новоросийсктегі аудандық сот 5 шілде күні КҚК жұмысына бір айға шектеу қойды. 6 шілде күні біз ресейлік әріптесіміз – үкімет төрағасымен байланысып, сол күні мәселені шештік. КҚК құбырының жұмысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай экспортына ешқандай шектеу қойылған жоқ. Сондай мәселелер күнделікті туындайды, біз бұл мәселелерді шешу үшін көршілес елдердің үкімет басшыларымен тығыз байланыстамыз, күнделікті проблемаларды жедел түрде шешуге шара қабылдаудамыз. Бұл – жедел шаралар", - деді Әлихан Смайылов Ұлттық арнада "Жаңа Қазақстан" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978128-zumys-stattyq-rezimde-zurip-zatyr-smaiylov-kaspii-qubyr-konsorciumyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel