Павлодар қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Опубликовано:

Павлодар қаласының жаңа прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды облыстық прокуратура Instagram-дағы ресми парақшасында.
"Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 7 шілдедегі бұйрығымен Павлодар қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Нұрбаев Асан Нұрбайұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Асан Нұрбаев бұған дейін Маңғыстау облысы прокуратурасының аппарат басшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы да тағайындалды. Бұл қызметке Ақан Жұмағұлов келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978247-pavlodar-qalasyna-zana-prokuror-tagaiyndaldy/