Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін, 14 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді", - делінген хабарламада.

Борт N1 Telegram арнасы осы іс-шарадан дер кезінде ақпарат ұсынып отырады.

Еске сала кетсек, кеше, 13 шілдеде мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысқан болатын.

Жиында президент ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978364-bugin-toqaevtyn-toragalygymen-ukimettin-keneitilgen-otyrysy-otedi/

pixel