Президент: Үкіметтің негізгі міндеті – азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинеті мен Ұлттық банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс екенін айтты. Бұл туралы БОРТ №1 Телеграм арнасы хабарлады.
"Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін.
Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар.
Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу қажет", - деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978403-toqaev-ukimetke-zana-zumys-oryndaryn-asu-qazettigin-aitty/