Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді

Опубликовано:

Бағдат Мусин
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысына қанағаттанбайтынын айтты. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасында хабарлады.

"Үкімет Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауға тиіс. Цифрландыру ісі баяу жүргізілуде. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған "Зерде" ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім.

Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, бұған дейін президент Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке, сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1978445-toqaev-cifrlyq-damu-ministri-bagdat-musinnin-zumysyna-konili-tolmaitynyn-zetkizdi/

pixel