Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Серік Нсанбаев
Серік Нсанбаев. Фото: Атырау қаласының әкімдігі

Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары болып Серік Нсанбаев тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдік Facebook-тегі ресми парақшасында.

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған орынбасардың қызметіне сәттілік пен табыс тіледі. Өз кезегінде Серік Бағытжанұлы артылған сенім үшін алғысын айтты.

Айта кетейік, Серік Бағытжанұлы 1980 жылы дүниеге келген.

2003 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003-2008 жылдар аралығында қала әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болған.

2008-2017 жылдары аралығында қала әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, 2017 жылдан бастап бүгінге дейін қала әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979133-atyrau-qalasy-akiminin-kommunaldyq-maseleler-boiynsa-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel