Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шолпан-Ата қаласына келді (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты Шолпан-Ата әуежайында қарсы алуда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Шолпан-Ата әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) келді, деп хабарлайды "Борт №1" Telegram-каналы.

Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Шолпан-Ата әуежайында қарсы алуда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Шолпан-Ата әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/bort_01

Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ.

Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979389-toqaev-solpan-ata-qalasyna-keldi-foto-video/

pixel