Тоқаев Қырғызстан мен Өзбекстан басшыларымен бейресми кездесу өткізді (фото)
Опубликовано:

Шолпан-Ата қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды ресми "Борт №1" Telegram-каналы.
Мемлекет басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына келді.

Қазақстан президентін әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979417-toqaev-qyrgyzstan-men-ozbekstan-bassylarymen-beiresmi-kezdesu-otkizdi-foto/