Тоқаев, Жапаров және Мирзиёев "Дордой Номад" мәдени орталығына барды (фото)
Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев "Дордой Номад" мәдени орталығына барды. Бұл туралы ресми "Борт №1" Telegram-каналында хабарланды.
Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері "Қолөнершілер аллеясының" жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына келген болатын.
Кейін мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979422-toqaev-zaparov-zane-mirziyoev-dordoi-nomad-madeni-ortalygyna-bardy-foto/