Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Арыстанғани Заппаров
Арыстанғани Заппаров: ПД Алматы

Президент Әкімшілігінің келісімімен генерал-майор Арыстанғани Заппаров Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырған.

Арыстанғани Заппаров 1969 жылы дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.

2019-2022 жылдары Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының полиция департаментін Қанат Таймерденов басқарған еді. Биылғы жылдың 25 маусымында оның қызметінен кеткені белгілі болды.

Кейінірек Таймерденовтің Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979518-almaty-qalasy-policiya-departamentinin-zana-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel