Атығай Арыстанов Жетісу облысы полиция департаментіне басшылыққа келді

Опубликовано:

Атығай Арыстанов
Атығай Арыстанов. Фото: polisia.kz

Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы болып Атығай Арыстанов тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды.

Полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Ғазымбекұлы 1971 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысында дүниеге келген. Білімі – құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі.

1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 жылы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірді.

Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әр түрлі лауазымдарды атқарған.

2008-2010 жылдарыАлматы қаласы Ішкі істер департаменті Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы болды.

2010-2012 жылдары Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

2016 жылы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет етті.

2016-2019 жылдары ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

2019-2021 жылдары Ақтөбе облысы ПД бастығы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 16 қазаннан бастап ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979580-zetisu-oblysy-policiya-departamentine-atygai-arystanov-bassylyqqa-keldi/