Тоқаев Ұлттық банк төрағасына инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Ғалымжан Пірматов президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-маусым айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берген.
Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы инфляцияға қатысты болжамдар, тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтқан.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Ғалымжан Пірматовқа инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979835-toqaev-ulttyq-bank-toragasyna-inflyaciyany-tezeu-zumystaryn-kuseitudi-tapsyrdy/