Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джидда қаласына ресми сапармен келген Тоқаевты қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Президентті Салман бен Әбделазиз Әл Сауд қарсы алуда
Фото: t.me/bort_01

Сауд Арабиясының Джидда қаласына ресми сапармен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты елдің королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың "Қаср Ас-Салам" сарайында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Telegram-дағы "БОРТ №1" каналы хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең алдымен құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берген.

Президентті Салман бен Әбделазиз Әл Сауд қарсы алуда
Фото: t.me/bort_01

Президентті "Қаср Ас-Салам" сарайында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі
Фото: t.me/bort_01

Бұдан соң Қазақстан мен Сауд Арабиясының әнұрандары шырқалып, кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазизге ресми делегациялардың мүшелері таныстырылған.

Президент пен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд екі елдің әнұранын тыңдауда
Фото: t.me/bort_01

Президент пен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд екі елдің әнұранын тыңдауда
Фото: t.me/bort_01

Содан кейін президент пен тақ мұрагері келіссөз жүргізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд
Фото: t.me/bort_01

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979913-dzidda-qalasyna-resmi-saparmen-kelgen-toqaevty-qarsy-alu-rasimi-qalai-otti-foto-video/

pixel