Мамин, Атамқұлов және Досаев шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамынан шығарылды
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы өкімге өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Өкім "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жария болды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, кеңес құрамынан оның 14 мүшесі шығарылды:
- А.Ұ. Мамин (экс-премьер-министр);
- Е.Ә. Досаев (Алматы қаласы әкімі және Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы);
- Б.Б. Атамқұлов (Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-министрі);
- Р.Е. Дәленов (Еуразиялық даму банкі басқарма басшысының орынбасары);
- P.M. Исатаев;
- А.Ә. Әріпханов (биыл ақпан айына дейін "Бәйтерек" ҰБХ төрағасы);
- А.И. Мырзахметов (бұрынғы ОҚО, Жамбыл облыстарының экс-әкімі);
- Р.Дж. Поллетт;
- А. Глазенберг;
- В.Н. Кнауф;
- А. Брейяк;
- К. Ульмер-Айлфорт;
- В.Ю. Алекперов (биыл сәуірге дейін Лукойл компаниясының басшысы);
- И. Катаяма.
Сонымен бірге президент кеңестің жаңа құрамын бекітті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1980115-mamin-atamqulov-zane-dosaev-seteldik-investorlar-kenesinin-quramynan-sygaryldy/