Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең үлкені - Даниал Ахметов": Қазақстанда әкімдердің орташа жасы белгілі болды

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

2022 жылғы шілде айындағы мәліметке сәйкес, еліміздегі өңір әкімдерінің орташа жасы 52 жасты құраған. Бұл жөнінде Ranking.kz сайтының зерттеуінен белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ranking.kz мамандары ел әкімдерінің жасы мен олардың қызметтегі мерзімі туралы зерттеу жасаған.

Зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы жасы ең үлкен әкім - Шығыс Қазақстан облысын басқарып отырған Даниал Ахметов. Оның жасы – 68,1 жас.

Одан кейінгі орынға жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жас) пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жас) жайғасқан.

Ал ең жас әкім - Шымкент қаласының басшысы Мұрат Әйтенов (40,7 жас). Сондай-ақ жас әкімдер қатарында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жас) пен елорда әкімі Алтай Көлгінов те (44,5 жас) бар.

Еліміздің ең жас әкімі Мұрат Әйтенов 38 жасында Шымкент әкімі болып тағайындалған. Оның бұл лауазымындағы қызмет мерзімі – 2,5 жыл.

Шығыс Қазақстан облысын басқарып отырған Даниал Ахметов бұл қызметте 7,7 жыл (ең ұзақ мерзім) қызмет етуде. Ол облыс әкімі қызметіне 60 жасында келген.

Ranking.kz зерттеуі
Ranking.kz зерттеуі. Фото: ranking.kz

Ranking.kz зерттеуі
Ranking.kz зерттеуі. Фото: ranking.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1980216-en-ulkeni-danial-axmetov-qazaqstanda-akimderdin-ortasa-zasy-belgili-boldy/

pixel