Қазақстанға ресми сапармен Грузия премьер-министрі келді
Опубликовано:

Елімізге ресми сапармен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алған.
Премьер-министрдің ресми сайтының хабарлауынша, екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Грузия премьер-министрі "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1980355-qazaqstanga-resmi-saparmen-gruziya-premer-ministri-keldi/