Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда жақындарының жанында өткізген демалыстан елге оралды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы демалысынан кейін елге оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібей Twitter парақшасында хабарлады.

Айдос Үкібай желіде Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты тараған түрлі ақпараттарға ресми жауап берген.

"Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда жақындарының және туған-туыстарының жанында өткізген демалыстан кейін елге оралды. Анонимді дереккөздердің әр түрлі ақпаратына қарамастан, тұңғыш президент демалыста шетелдік ресми тұлғаларымен және бизнес өкілдерімен бірде-бір рет кездесу өткізген жоқ", - деп жазды Айдос Үкібай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1980587-nursultan-nazarbaev-turkiyada-zaqyndarynyn-zanynda-otkizgen-demalystan-elge-oraldy/

pixel