Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Опубликовано:

Рим папасы
Фото: Alessandra Benedetti - Corbis/Corbis via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен күздің алғашқы айында Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп жазады "Борт №1" Telegram-каналы.

Рим Папасы Қазақстанға 13-15 қыркүйекте келеді.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізгенін жазған едік.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981196-rim-papasy-qazaqstanga-memlekettik-saparmen-keledi/