Павлодар облысында әкім орынбасарларының саны қысқарды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде Павлодар облысы әкімі орынбасарларының саны қысқарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"1 тамыздан бастап Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Динара Шаймұратова 2021 жылы сәуір айында тағайындалған лауазымынан босатылды. Осылайша, Павлодар облысы әкімінің үш орынбасары Крук, Құрманова, Өтешов қалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 2022 жылдың наурыз айында Павлодар облысы әкімі орынбасарларының саны бесеуден төртке дейін қысқартылған еді. Сонымен қатар өткен жылы штат санының лимиттерін қысқарту барысында 10 аудан әкімінің орынбасарлары мен 15 облыстық басқарма басшысының бір орынбасарлары қысқартылған болатын.
Жалпы, 2021 жылы Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілердің штаты 15 пайызға қысқарды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша және үкiмет қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнің екі орынбасары қысқартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981262-pavlodar-oblysy-akiminin-orynbasarlarynyn-sany-qysqardy/