Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Facebook/ Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты", - делінген хабарламада.

Дегенмен президенттің демалысын нақты қай жерде өткізетіні белгісіз.

Айта кетейік, 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында 4 күндік демалыс алған болатын. Сол кезде президенттің баспасөз хатшысы президенттің ел аумағында демалатынын хабарлады.

Ал өткен жылы мемлекет басшысы еңбек демалысын Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасында өткізді. Оның баспасөз хатшысы Тоқаевтың демалыста түскен суреттерін жариялады. Осы кезде де президент небәрі 4 күн - 13-16 шілде аралығында демалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981289-toqaev-qysqa-merzimdi-enbek-demalysyna-syqty/

pixel