Алматы облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Опубликовано:

Адамов Берік Абызбайұлы
Берік Абызбайұлы Адамов. Фото: Бас прокуратураның ресми сайты

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Берік Абызбайұлы Адамов Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның ресми сайты.

Берік Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981314-almaty-oblysynyn-zana-prokurory-tagaiyndaldy/

jitsu gif